ӘКЕҢЕ НЕ ІСТЕСЕҢ, АЛДЫҢА КЕЛЕДІ... (Әңгіме) - Әке, қалай, зерікпедіңіз бе? - Жоқ. - У-шу, күйбеңі көп қаладан өкпеңіз қысылмады ма дегенім ғой. Жарылқап үнсіз қалды. Баласының не айтқысы келгенін түсінді. Кеше ғана ұлы келінімен сөзге келіп қалған еді. Жарылқап сол күні таңертең немересін саябаққа ертіп кеткен. Күн арқан бойы көтерілгенде пәтерге оралды. Сонда ас бөлмеден шаң-шұң еткен дауыстар естілді. - Екі ай болды ғой, қашанғы жүре береді? - Енді кішкене шыдашы. - Жетер. Шаршап кеттім. Сенің әкеңнің қас-қабағына қараймын деп шашым ағаратын шығар. Кір-қоңын жуудан ығырым шықты. Болды, енді өзі жусын, не сен жу. Мен енді шыдай алмаймын. Басқа балалары да бар емес пе, соларға барсын. О,
Арайлы таңым ақ таңым, Қайырлы болсын бақ таңым. Өйткені бүгін Жұма ғой, Жарқырасын жан жағым. Құтты болсын Жұмамыз, Қабыл болсын дұғамыз! Осы күнге жеткізген, Аллаға шүкір ризамын🤲 Жұма күнгі ісіңіз, Оң болсын деп тілеймін. Бақыт, байлық, береке, Мол болсын деп тілеймін. Сапарға шыққан жандарға, Жол болсын деп тілеймін. Үйіңізде әрдайым, Той болсын деп тілеймін!🤲
Байдалы би Байдалы шешеннің қара жамылған ордаға келуі қалыпты тіршілік орнатқандай болады. Айғаным өзі тұрып шай қойғызып, қой сойдырды. От жағып, шөлдеп келген шешенге сусын берді. Ханым жадыраңқы рай білдірген соң, шешен де жайғасып, шешіле сөйледі. Мал - жан, ауыл - аймақтың амандығынан басталып, әңгіме ағыла берді. Шешеннің сөзі Айғанымға түрлі ой салып, қайғысын жеңілдеткендей болды. Айғаным өкпе- назын айта бастайды. - Ханмен қадірлес, халықпен сырлас қария едіңіз. Хан артында қара тұман қалды. Қара тұман ортасында мен қалдым. Көзсіз көбелектей болып қалғанымда, осы уақытқа дейін ат ізін салмағаныңыз қалай? Несін жасырайын, өкпелеп жүр едім. Мен сізді келер, келер де жылатар, жылатар
Көре алмаушылықтың соңы ****** Бұрынғы заманда бір ғалымды елдің патшасы қатты қадірлейтін болады. Бұл ғалым патшаға үнемі былай деп насихат айтады екен:«Патшам, жақсылық қылған адамға жақсылық жасаңыз! Жамандық жасаған адамға жаза ретінде өзінің жамандығы да жеткілікті.»Бұл ғалымды уәзірлерінің бірі көре алмай патшаға шағымданыпты: - Патшам! Ана ғалым сіздің аузыңыз сасиды деп айтып жүр. - Сөздеріңнің дұрыстығына қалай сенемін? - Ғалымды қасыңызға шақырыңыз, егерде сізге жақындағанда мұрынын жабатын болса, сөзімнің растығы белгілі болады. Көре алмай жүрген уәзір патшаның алдынан шыға салып ғалымды асқа шақырады-да сарымсақ қосылған тағам ұсынады. Біраздан соң ғалым патшаның алдына барғанынд
МАҚТАУҒА ТІЛ ЖЕТПЕЙТІН ҮШ —АҚ ӘРІП. ! А Н А. Анаға күн арнаған жақсыларым. Қыз —келін, сұлу мүсін топ шынарым. Атаққа сай болуды нәсіп етсін, Аналар, асыл текті жақсыларым ! Шығандап биік шыңға шыға алатын, Сындарлы сынаққа да төзе алатын. Аналар қай кезде де, қосқан үлес, Шығарып күлі әлемге, қазақ атын. Өмірде орыны бөлек дара тұрған, Төзімді, жаны сірі жаратылған. Арманым дастан жассам аналарға. Әлемге Ана жәйлі таратып ән! Отаудай алты қанат сағаналы, Зерделі сөз түйіндер мағаналы. Қазақтың аналары аман болса, Саналы ұрпақ, туар талай әлі.! Ақбөбек Қалыбай қызы. Маңғыстау. Ақтау қаласы. 13 05 2024 жылы.
Медицина кәсібі- адамгершіліктің асылы” сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілейміз.
Қымбатты отандастар, ардақты ардагерлер! Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Шын жүректен зор денсаулық, тіршіліктің ұзақ әрі жарқын, алаңсыз күндерін, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін! Отбасыңыз аман болсын, тыныштық орнаған заман болсын! Әрбіріміздің үйіміздің төрінде майдангер атаның суреті мен медалі тұр десек артық айтқанымыз емес. Себебі елім деп еміренген азаматтар етігімен су кешіп, қан майданға аттанды. Олар – нағыз батырлар. Біздің аталарымыз – батырлар. Сол аталарымыздың жанкештілігімен келген Жеңіс күні құтты болсын! Бейбіт күніміз үшін тек алғыс айтамыз!
Әке деген асқар тауың орманың, Әке деген арқа сүиер,қорғаның! О,адамдар бар кезінде Әкені, Қадірлейік,өкініште болмағын! Бәйтеректей халқына сая болған, Шыбын жанын халқынан аямаған. Жәннатта жаның болсын, рухың биік, Өзіңдей қайда бізге аяулы адам. Адам мәңгі жүрмеиді бұл жалғанда, Көнемізғой тағдырдың салғанына. Көзімізге ып ыстық жас келеді, Әке .өзіңді сағынып еске алғанда.
Азаматтарымыз аман болсын! 7-МАМЫР ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ Отан ана, бізге қымбат маңызды, Оны қорғау, азаматтың парызы. Ал, жігіттер құтты болсын мереке, Үлкен-кіші құттықтаймын жалпыңды. Солдат болдық сонау совет заманда, Қыйыр шығыс ал, біреулер Ауғанда. Елден жырақ, екі жылды өткізіп, Қайта оралдық, туып өскен ауылға. Күндер-күндер, өтіп жатыр зымырап, Жастық дәурен, артта қалды қол былғап. Жас ұлғайып, өткенімен сан жылдар, Ол жылдарды сағынамыз жабырқап. Бәрі өзгерді, өзгермеген біз ғана, Мамыр келіп, құлпырып тұр айнала. Табиғаттың тылсым сырын ұғалмай, Жан -жағыма, көз саламын таңдана?!... Бұл мереке тойланатын ақпанда, Қаhарлы қыс, күшке мініп жатқанда. Біз той
Е С Т Е С А Қ Т А . Дәрежең көтерілгенде, достарың сенің кім екеніңді біледі ... Дәрежең түскенде, сен достарыңның кім екенін білесің ... Ашулы кезіңде жауап қайтарма, Қуанышты кезіңде уәде берме, Ренжіген кезіңде шешім қабылдама. Кімнің батыл екені -- шайқаста белгілі болады. Кімнің жомарт екені -- мұқтаждықта белгілі болады. Кімнің ақылды екені -- ашу үстінде белгілі болады. Кімнің дос екені -- қиындықта белгілі болады. Күндердің тез өтіп кетіп жатқанына таңқаласың, Кейін мұның күндер емес, өмірің екенін аңғарасың. Адам әлсіз болғандықтан жыламайды, керісінше ұзақ уақыт бойы мықты болып көрінуден шаршағандықтан жылайды. Өмірдің қиындығын көп көрген--көп нәрсеге қол жеткізеді. Өмір а
Показать ещё