Предыдущая публикация
!
А Н А.
Анаға күн арнаған жақсыларым.
Қыз —келін, сұлу мүсін топ шынарым.
Атаққа сай болуды нәсіп етсін,
Аналар, асыл текті жақсыларым !
Шығандап биік шыңға шыға алатын,
Сындарлы сынаққа да төзе алатын.
Аналар қай кезде де, қосқан үлес,
Шығарып күлі әлемге, қазақ атын.
Өмірде орыны бөлек дара тұрған,
Төзімді, жаны сірі жаратылған.
Арманым дастан жассам аналарға.
Әлемге Ана жәйлі таратып ән!
Отаудай алты қанат сағаналы,
Зерделі сөз түйіндер мағаналы.
Қазақтың аналары аман болса,
Саналы ұрпақ, туар талай әлі.!
Ақбөбек Қалыбай қызы.
Маңғыстау.
Ақтау қаласы.
13 05 2024 жылы.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 3