7-МАМЫР ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ
Отан ана, бізге қымбат маңызды,
Оны қорғау, азаматтың парызы.
Ал, жігіттер құтты болсын мереке,
Үлкен-кіші құттықтаймын жалпыңды.
Солдат болдық сонау совет заманда,
Қыйыр шығыс ал, біреулер Ауғанда.
Елден жырақ, екі жылды өткізіп,
Қайта оралдық, туып өскен ауылға.
Күндер-күндер, өтіп жатыр зымырап,
Жастық дәурен, артта қалды қол былғап.
Жас ұлғайып, өткенімен сан жылдар,
Ол жылдарды сағынамыз жабырқап.
Бәрі өзгерді, өзгермеген біз ғана,
Мамыр келіп, құлпырып тұр айнала.
Табиғаттың тылсым сырын ұғалмай,
Жан -жағыма, көз саламын таңдана?!...
Бұл мереке тойланатын ақпанда,
Қаhарлы қыс, күшке мініп жатқанда.
Біз тойлайтын 23 - февраль,
Түбегейлі өзгертілді мамырға.
Ең бастысы аман болсын еліміз,
Аспан ашық, бейбіт болсын жеріміз.
Әрбір ана, бақыт тауып баладан,
Арайланып ата берсін таңымыз.
Мереке құтты болсын!
Серік Сейтеков
07.05.2024 жыл.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 1