ТЫҢДАҢЫЗДАР! ТЫҢДАҢЫЗДАР!17 қазанда сағ. 09.00-де ТарМУ гидрокешенінің №5 оқу залында кітап әуесқойлары мен кітапқұмарлардың дүниежүзілік «БУККРОССИНГ» қозғалысына қатысуы басталады. Аталған қозғалыстың мақсаты: кез-келген кітапсүйер қауым өзі сияқты кітапқұмарларды танып біліп, өзі ұнатып оқыған кітабын өзгелермен бөлісіп, кітап алмасу, жастардың кітапқа деген ықыласын ояту, рухани мәдениетін көтеру. Әр қатысушы өзі оқыған кітабын оқылмаған басқа кітапқа мүлдем тегін алмастыра алады. Сіздердің әрқайсыңыздың жеке кітапханаларыңызда оқылған тамаша кітаптарыңыз бар. Сол кітаптарыңызбен бөлісуге даяр болсаңыз бізге әкеліп, орнына басқа қызық кітап алуыңызға мүмкіндігіңіз бар. «БУККРОССИНГ» қозғалысына немқұрайлы қарамауларыңызды сұраймыз, сүйікті әдебиеттеріңізді таңдап, оларды оқимын деушілермен бөлісіңіз. Кітап оқыңыз! Кітаптарыңызды еркіндікке жіберіңіз! Дүниежүзілік қозғалысқа қосылыңыз! Дүниежүзілік кітап айналымының мүшесі болыңыз! Бәріміз бірге оқиық!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев