Қазақта тамақты жалғыз отырып ішпейді. Үйдегі үлкендермен бірге дастарқан басына отырысады жəне жасы кіші адам үлкен кісілерден бұрын асқа қол созуы əдепсіздік болып саналады.
Ас ішіліп болғасын, əркім бет-бетімен кете берсе, бұл – ұят қылық. Үлкендер ас қайырып болғасын, дастарқан басынан тұрысады. Егер біреу асығып отырса, үйдегілерден рұқсат сұрап, содан соң ғана дастарқан басынан тұруына болады.
* * *
Тамақ ішіліп болғасын, отырғандар ас қайырады.
Ас қайыру – ана, қыз-келіндерге алғыс айту, ризашылық білдіру.
«Береке берсін!»
«Алланың рахымында болыңдар!»
«Дастарқан мол болсын!»
«Рақмет!» деген секілді алғыстар айтылады.
* * *
Дастарқан басында жасы кішілер тамақты бас салып өзі жей бермейді: анасына, əке-атасына тамақ салып береді, сорпа немесе шай кесесін ұсынады. Бұл – көргенділіктің, əдептіліктің белгісі.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 4