Қарағанды облысында үздік қызметкерлер марапатталды. Отан қорғаушылар күнімен Ұлы Жеңіс мерекесі күніне орай Қарағанды облыстық Полиция департаментінде салтанатты іс-шара болып өтті. Мерекеге орай, қызметінде алдыңғы қатардан көрініп, үздік шыққандарды департамент бастығы, полиция полковнигі Негмет Исмагулов құттықтап, ішкі істер министрінің және департамент бастығының бұйрығымен марапаттады. -Баршаңызды Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймын. Бұл қос мерекеде еліміз үшін маңызы зор. Осы айтулы күнмен сіздерді құттықтай отыра, еңбектеріңізге жеміс, еліміздің ертеңі үшін атқарып жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін,-деді полиция полковнигі Н.Исмагулов. Құттықтау сө
Қарағандылық тергеуші Абу-Дабидағы джиу-джитсуден Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты. Абу-даби қаласында джиу-джитсуден өтіп жатқан Азия чемпионатында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөлімі, тергеу бөлімшесінің тергеушісі Аян Әмзе алтын медальға ие болды. Аян, Қазақстан құрама командасының ішінде чемпион атанған жалғыз қыз. Спортпен осыдан алты жыл бұрын мектеп оқып жүргенде айналыса бастаған. Ал, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясында оқып жүргенде джиу-джитсумен айналысып, жетістіктерге жете бастаған. Табандылықтың арқасында Аян әлем чемпионы болады деп үміттенеміз. Сәттілік тілейік. ____________________ Следователь из Караганды стала
Қарағандыда интернет-алаяқтықтық бойынша жүргізілген түсіндірме жұмыстар оң нәтижелер беруде. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері қазіргі уақытта белең алған интернет –алаяқтығының алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Осы мақсатта тәртіп сақшылары, адамдар көп шоғырланатын жерлерге арнайы барып, оларға алаяқтардан қалай сақтану керектігі жазылған үнпарақшалар таратып, облыс және аудан орталықтарындағы билбордтарға баннер іліп, жарықдиодты экрандарда алдын алу бейнеүзіктерін көрсетуде. Сонымен қатар бұндай жұмыстар мекемелер мен оқу орындарында да үнемі жүргізіліп тұрады. Мәселен, сәуір айында Қарағанды облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармас
Қарағандыда полиция мен еріктілер арасында волейболдан достық турнирі өтті. Қарағанды қалалық полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Дені сау ұрпақ-дені сау ұлт: Барлығымыз есірткіге қарсымыз» ұранымен Әл-Фараби атындығы №102 мектеп гимназиясының мұғалімдері және Оңтүстік*шығыс полиция бөлімі мен "Равный-равному" еріктілерінен құралған командалар арасында волейболдан достық турнирі өтті. Шараның басты мақсаты бүгінгі заманда жастар арасында есірткіге жол бермей, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Бұндай іс-шаралар полиция қызметкерлерімен үнемі оқушылар және студенттер арасында өткізіліп тұрады. Іс-шараға келген командалар жарыстың көрікін қыздырып, өздерін үздіктер қатарына
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Балқаш қаласына жұмыс сапарымен барды. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Нығмет Исмагулов жұмыс сапарымен Балқаш қаласында болды. Департамент бастығы сапар барысында қалалық полиция бөлімінде болып, ол жерде қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау, қылмыстың алдын алу бағытында тәулік бойы жұмыс жасайтын біріңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты. Біріңғай байланыс орталығында полиция бөлімі және қалалық әкімдіктен 10 қызметкер жұмыс жасайды. Бұл жерде қала бойынша орнатылған барлық бейнебақылау камераларына бақылау жасайды. Сонымен қатар орталық мамандары әлеуметтік желілер арқылы полицияға және әкімдікке түскен сауалдар бой
ІІМ террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын тексеруді жалғастырып келеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.Бүгінгі таңда аймақтық тізімдерге терро...