«МЫНАУ - АДАМНЫҢ ЕМЕС, ПЕРІШТЕНІҢ ДАУСЫ»
Әлем жұртшылығы қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің талантына тамсанады:
Кристин Орбст (Германия): «Мәссаған, мына жігіттің көмейінде тенор мен сопраноның арасындағы, ерге тән дауыс пен әйелге тән үн арасындағы бүкіл дыбыс гаммасы түгел жүр ғой! Тұла бойым тітіркеніп кетті!»
Иан Стюарт (Ұлыбритания): «Құдайым-ау, қандай ғажап! Қайта-қайта тыңдап отырмын. Осындай да дауыс болуы мүмкін бе? «Мүмкін» дейтін шектен де шығып кеткен диапазон ғой мынау! Жаратқанның өзі берген дарын. Қуанышым кеудеме сыяр емес».
Марсия Никайдо (Бразилия): «Бұл сайыс емес шығар деп үміттенемін. Сайыс болса, басқа қатысушыларға жасалған әділетсіздік бұл. Мұнымен жарысуға кімнің ша