Амантай ағам Қостанайдың барлық емханаларын өтіп, енді Астанаға келген еді. Астана да қай жері ауыратыны туралы жарытып ештеңе айтпайды.
Ағама көңілін аулап бірер шумақ өлеңмен ойымды айтқан едім. Тілектес бола отырыңыздар.
Амантай, ағатайым, Амангелді
Мына сырқат қайдан ғана саған келді.
Не де болса шыдап бақ мықты едің ғой
Алла салды деген бар адам көнді.
Күннен ыстық көңілім, айдан дара.
күңгірт тартып, Беремін қайран қала
Дәрігерлер дәрменсіздік танытуда
Келе алмай тұжырымды байламға да.
Көмек болмай емнен де, дәріден де.
Салды-ау әбден басыңды әбігерге.
Сырқатыңның себебін таба алмай
Сол қиын болды емес пе бәрінен де.
Үміт пен сенім болып тас қамалың
Орта жолда қол сілтеп тас
Бір таңым ұласты да бір таңыма.
Келді де көптен күткен күн тағы да
Әр жыл сайын қуана қарсы алатын
Жеттік, міне, айлардың Сұлтанына.
Бұл бақыттың туа бермес реті күнде.
Имансыздан болады деп не күтуге.
Оразаға жатыр елім ниеттеніп.
Таң атқаннан ауызын бекітуге.
Ел емеспіз болған істен жай ұқпаған.
Ете көрме деп Тәңірге айып маған
Биылғы Оразаны ұстамаймын
Сырқатыма байланысты айықпаған.
Одан бірақ иманымды жүдетпеспін.
Күшпенен бағындырмас жүректі ешкім.
Ораза тұтқындарға Рамазанның
Абыроймен өтуіне тілектеспін.
Мақсұт РАЙЫСОВ
11 наурыз 2024 ж
Көктем күнімен
Нұрын шашқан күн күлімдеп көктегі.
Ардақтаған, аялаған текті елі,
Арулардың мейрамымен басталған,
Келді тағы табиғаттың көктемі.
Жүректерге ән шалқытып, жыр еккен,
Көркіменен бар әлемді гүл еткен,
Мерекемен, барша ерлер атынан,
Құттықтайын Сіздерді шын жүректен!
Таразылап қара сөздің салмағын,
Ойларымды өлеңменен жалғадым.
Шабыт келіп, қалам алып қолыма,
Аруларға ақ тілектер арнадым.
Шалыққан соң өнердің бұл дертіне,
Жыр тізгінін жіберейін еркіне.
Мына көктем гүл бітіріп тұрғандай,
Арулардың айдай әсем көркіне.
Таусылмаған пенде үшін тұз-дәмі,
Артта қалып, қыстың суық ызғары.
Гүл көктеммен көріктеніп, көркейген
Қазағымның қасиетті қыздары.
Өмір – өрнек, сендер оның мәнер
Бола алмай табиғатқа араша
Сарыарқаға жатпайтұғын жараса
Қыс мезгілін қарсы алатын қар жауып
Жылы болып алаңдатты қараша.
Терістікке көзді тігіп елеңдеп
Жүрген едік бұл қыс қашан келер деп
Желтоқсанда аяз қысты аямай
"Керек болса ал суыққа кенел!"- деп.
Табиғаттың тылсымнан сыр ұққан
Жаңылмайтын жылдағы әдет ғұрыптан
Жанға жәйлі қыс болар деп жүргенде
Аяз жатыр асып минус қырықтан.
Жатқан жоқпын сылтау іздеп сынықтан
Тастайын деп барша елді қылып таң.
Тосын мінез жасап жатыр мына қыс
Жаңылды да жылдағы әдет ғұрыптан.
Сонша неге төбемізден төнді аспан.
Мұндай аяз жоқ еді ғой ел тосқан
Сарыарқаға сары аязы сайрандап
Болмағанды жасап жатыр желтоқсан.
Келтірілгендей қияметтің сұрағын.